Бiз туралы
№2 "Айгөлек" бөбекжай балабақшасы туралы мәлімет
Қала ортасындағы алыстан мен мұндалап тұрған еңселі ғимарат, «№2 «Айгөлек» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты 1962 жылы типтік үлгідегі 2 қабатты балабақша ретінде салынған. «Балапан» бағдарламасы аясында 2008 жылы күрделі жөндеуден өткізіліп қолданысқа берілген. Балабақша ауласына кіргеннен ақ ерекше бір тазалықты, ұқыптылықты, шеберлікті көруге болады. Егеменді еліміздің ертеңі бүлдіршіндер тәрбиесі тал бесіктен кейін балабақшада жалғасатынынбасты назарға қойылған. Қазіргі таңда балабақша құрылымы бойынша сыйымдылығы 75 балаға арналған. Жас ерекшеліктері әр түрлі 4 топ жұмыс жасайды.
Балабақша ғимараты дербес автономды жылыту жүйесіне қосылған. Барлық топтарда және ас блогында ыссы сумен толық қамтылған. Ыстық және суық су барлық ванналарға, себезгі бөлмелеріне, тұратын орындарындағы, медициналық мақсаттағы үй-жайлардағы қолжуғыштарға, сондай-ақ ас блогындағы араластырғыш қондырғысы бар қажетті технологиялық жабдықтарға тартылған.
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің «№2 «Айгөлек» бөбекжай балабақшасы»
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорының меңгерушісі Таженова Шынарай Сагындыковна.
Таженова Шынарай Сагындыковна - 1977 жылы 2 наурызда Қарақалпақстан Республикасында дүниеге келген.
Білімі жоғары, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін "қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы бойынша 2005 жылы аяқтаған.Екінші санатты басшы. Жалпы еңбек өтілі - 26 жыл.











